#Меркі ауданы: «Ғаббас» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысты

#Меркі ауданы: «Ғаббас» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы ауданға қарасты Ақермен ауылдық «Ғаббас мешітінің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Ауыл имамы аудан имамын қарсы алып, мешіттің ішкі және сыртқы жағдайымен таныстырды. Азамат Берікұлы мешітте тұрған әдебиеттерді зерделеп, бейнебақылау камераларының жұмысын тексерді.

Кезек мешіт ауласы мен дәретханасына жетіп, мешіт ауласындағы гүл шоқтарын көрген аудан имамы ауыл имамына разы болып, алғысын білдірді. Дәретхананың және мешіттің тазалығын үнемі қаперде ұстауды бұйырды. Ауыл имамы болашаққа жоспарларымен бөлісті.

Алла Тағала мешіт қызметкерлерінің амалдарын қабыл етіп, сауаптан жазғай!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: