#Меркі ауданы: Мешіт құрылысы аяқталуға жақын

#Меркі ауданы: Мешіт құрылысы аяқталуға жақын

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы ауданға қарасты Т.Рысқұлов ауылдық округі, Интернациональный ауылындағы жаңа мешітің құрылысымен танысып қайтты.

Мешіт құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі таңда мешіт құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мешіт пен дәретхананың сыртқы жұмыстары аяқталды. Жұмысшылар ішкі әрлеу жұмыстарына кірісіп кетті. Алдағы Мәуліт айына дейін бітіру жоспарлануда.

Аудан имамы мешіттің құрылысын жүргізіп жатқан барша бауырларымызға дұға жасап, отбастарына амандық, кәсіптеріне береке тіледі.

Баршаңызды осынау игі іске атсалысып, демеушілік жасауға шақырамыз! Алла Тағала мешіт салып, оған өз еңбегімен, өз қаражатымен көмек беріп жатқан бауырларымыздың ниетін қабыл етіп, сауаптан жазып, отбастарына амандық, кәсіптеріне береке берсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: