Мәдина қаласында орналасқан Пайғамбар (с.а.с.) мешітін кеңейту жұмысына 500 млрд риал немесе 133,3 млрд доллар жұмсалады, деп хабарлады Ханзада Файсал ибн Салман.
Жобаға сәйкес мешіттен бөлек денсаулық сақтау және қауіпсіздік қызметтері де жаңартылатын болады. Сонымен қатар, осы жобаны қатаң бақылайтын арнайы комиссия құрылып, құрылыс уақытында діни жәдігерлерге зиян тимеу жағы қадағаланбақ.