Жедел жәрдем көлігі қажыларға тәулік бойы қызмет етеді (ФОТО)

Жедел жәрдем көлігі қажыларға тәулік бойы қызмет етеді (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан Қажылық миссиясы Меккедегі қызмет сапасын арттыру мақсатында арнайы медициналық жедел жәрдем және қоғамдық көліктерін жалға алды. Аталмыш көліктер тәулік бойына қажыларға қызмет қылмақ. Бұл туралы Қажылық миссиясының ақпарат бөлімінен хабарлады.

Қажылық миссиясының төрағасы Ғылымбек Мәжиев қажылар арасында қария кісілердің көп екенін, олардың денсаулығы дәрігерлер тарапынан жіті бақылауда ұсталатынын хабардар етті.

 «Аллаға шүкір, қазір отандастарымыздың денсаулығы, жалпы ахуалы жақсы. Әрбір қажылық фирмасында дәрігерлер күндіз-түні жұмыс істеуде. Сонымен қатар Қажылық миссиясындағы бес білікті дәрігерлеріміз қосымша науқастарды қабылдап, қажетті ем-дом жасап келеді. Ал қоғамдық көліктің көмегімен қажылық фирмалардың қызметіне тексерулер жүргізіп, қажыларымызбен кездесулер өткізіп жатырмыз» деп мәлімдеді Қажылық миссиясының төрағасы.


ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: