БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі «Әл-Әқса» мешітінде мұсылмандардың құлшылық етуіне Израильдің кедергі жасамауын сұрады.
Қауіпсіздік кеңесі Иерусалимдегі тәртіпсіздікті айыптап, екі тарапты да қақтығысқа жол бермеуге шақырды, деп хабарлайды 9tv.co.il.
Сондай-ақ, халықаралық қауымдастық Израиль билігінен мұсылмандардың «Әл-Ақса» мешітінде еркін құлшылық етуіне кедергі етпеуін, сондай-ақ жергілікті мұсылман араб халқына қатысты арандатушылық және қауіп-қатерді тоқтатуын талап етті.
Еске салсақ, өткен жұмада Израиль полициясы мешітке кейбір мұсылмандарды Тел-Авив бекіткен жас ерекшелікті шектеу «себебіне байланысты» кіргізбей қойған.