Кәрімов Құрбан айтты жоғары деңгейде өткізуді тапсырды

Кәрімов Құрбан айтты жоғары деңгейде өткізуді тапсырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өзбекстанда 24 қыркүйек Құрбан айтының бірінші күні ретінде демалыс болып жарияланды. Ел президенті Ислам Кәрімов «Құрбан айтын мерекелеу туралы» қаулыға қол қойды. Бұл туралы  UzDaily хабарлады.

«Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының өтінішін назарға ала отырып, Құрбан айтының алғашқы күнін, 24 қыркүйекті демалыс күні деп жариялаймын және республика көлемінде кеңінен аталып өтілуін тапсырамын» делінген президент қаулысында.

Өзбекстан басшысы осы орайда «Нуроний», «Махалла» республикалық қорлары мен басқа да құзыретті мекемелерге, қоғамдық ұ  йымдарға Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастыруды туралы бұйрық берді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: