«Әл-Әзһар» университеті мен Египет пәтуа орталығы «әл-Харам» мешітінде кранның құлауына байланысты орын алған қайғылы уақиғада көз жұмғандардар шаһидтер саналады деген қорытынды шығарды. Бұл туралы «әл-Арабия» арнасы хабарлады.
«Әл-Әзһар» университетінің оқытушысы Аббас Шуман аталмыш апаттан қаза болған қажылар Алла жолында жан тапсырғанға жататынын жеткізді.
Еске сала кетсек, 11 қыркүйек күні Меккедегі қайғылы жағдай 111 адамның өмірін алып кетті.


06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

