#Жуалы: Жуалыда тағы бір мешіт ашылды

#Жуалы: Жуалыда тағы бір мешіт ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бай дүйсенбіде Жуалы өңірінде тағы бір сәулеті мен сәні келіскен мешіт ашылып, мұсылман жамағаттың қуанышына қарай пайдалануға берілді. Әсем Алатаудың бөктерінде орналасқан Тәттібай Дүйсебайұлы ауылының тұрғындары үшін естен кетпес шуақты күні осы Алланың үйінің ашылуына жиналған алыс жақыннан келген қонақтар мен ауыл тұрғындарының көмейінен тек жақсы тілектер төгілді.

Мешіттің ашылу салтанатына аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Жұмашев, қоғамдық кеңес төрағасы Ә. Үркімбаев, Жуалы ауданының бас имамы Ғ. Қонақбаевтар қатысып құттықтау тілектерін жеткізді. Одан кейін ауыл және көрші ауылдан қуанышты бөлісуге келген қариялар өздерінің жүрек жарды сөздерін жеткізіп, мешіт құрылысына атсалысқан барша мұсылман бауырларға рақметтерін айтып, Аллаға сансыз шүкірлер жолдады. Мешіт құрылысына атсалысқан, демеушілік жасаған жігіттер қонақтарға сыйлықтар табыс етіп, ауылдағы әр үйге бір пакеттен азық – түлік таратты. Үш қазан палау басылып ауыл тұрғындары мен қонақтарға ас таратылды. Ауыл әкімі өз тарапынан бірнеше жігіттерді алғыс хатпен марапаттады.

Құттықтау сөздерден кейін ауыл қариялары мен ауданның бас имамы жасыл түсті лентаны қиып, азаншы бесін намазына азан айтып, келген жамағат имамға ұйып намаздарын оқыды. Керемет тойдың соңы спорттық жарыстарға ұласып төрт қой және ақшалай сыйлықтарға бәсекелесті.

Мешіттің сәні келіскен ғимаратынан басқа, заманауи дәретханасы, мейманханасы, асханасы бар екен. Имам отыратын бөлек бөлме де қарастырылған. Шаруашылық заттары тұратын қоймасы да бар, қысқасын айтқанда барлық жағдайы жасалған заманға лайық мешіт ашылды.

Жуалы аудандық «Толымбай тегі Зиябек»

мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: