#Қордай: «Мисбахуль-ислам» мешіті мектепке жол акциясын өткізді

#Қордай: «Мисбахуль-ислам» мешіті мектепке жол акциясын өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Сортобе ауылы, «Мисбахуль-ислам» мешітінде мектепке жол акциясы болып өтті. 101 шәкіртке мектепке керек құрал-жабдықтар, сөмке берілді. Имам оқушыларға жеке-жеке үлестіріп, білім жолында озат болсын деген жылы лебізін білдірді.

Бір емес бірнеше баланы мектепке дайындау көпбалалы бір отбасы үшін оңай соқпайтындығы баршамызға мәлім. Осы сәтте ҚМДБ бастаған науқан тұрғындарды қуантып келеді. Аталған науқан оқу жылы басталғанша жалғасын таппақ. Жас бүлдіршіндерге жалпы 400 000 тг көлемінде қаражат жұмсалды.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: