#Байзақ: ОТАРОВ ІЛИЯС ДИҚАН МЕШІТІНДЕ

#Байзақ: ОТАРОВ ІЛИЯС ДИҚАН МЕШІТІНДЕ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Отаров Ілияс Жамбыл облысы Байзақ ауданы Диқан ауылдық «Диқан» мешітінің жамағатымен кездесіп, уағыз-насихат айтты.

Отаров Ілияс: « Білім алудың артықшылығы және оның адам өміріндегі маңызы талас тудырмайтын мәселе. Білім кез келген адам мен қоғамның дамуына негіз болатын басты факторлардың бірі. Білім жоқ жерді қашанда надандық жайлайды. Надандықтың сипаттық синонимін қазақ – «қараңғылық» деп те атаған. Себебі надандық білім арқылы келетін адамдағы таным-түсінік сәулесін қараңғылық құрсауына батырып жібереді. Сондықтан ғалымдар «Білім – адамды надандықтың қараңғы қапасынан шығаратын нұр», - деген.

Білім – кез келген саладағы жаңалықтың және оқиға мен жағдаятқа орай жасалатын анализдің кілті. Діни тұрғыдан алсақ, білім – құлшылықты терең сезіне алудың негізі. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбетіне осының маңызын ұқтырып: «Ғалымның білімсіз діндардан артықшылығы толған айдың өзге ұсақ жұлдыздардан артықшылығы секілді» дейді. Құранда да: «Білетіндер мен білмейтіндердің терезесі тең бе?» – деп, айт» - делінген. Білімнің артықшылығын тереңірек аша түсу үшін ғалымдар: «Білім – надандықтың қарама-қарсы жағы. Білім – бір нәрсені өзінің ақиқат сипатымен тану» деген. Білімнің адам өмірін өзгертудегі және саналы ғұмыр кешу принциптерін жолға қоюдағы маңызы ескеріліп, хадисте: «Білім талап ету – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз», - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: