Абдулла Камел есімді кәсіпкер Йель университетінде (АҚШ) Ислам құқығын оқытуда жақсы көрсеткішке қол жеткізу үшін 10 млн доллар қаражат берді.
Абдулла мұндай қадамға Йель университетінің өкілдері мен президенті Петр Саловеймен кездескеннен кейін барған еді.
Университет өкілдері Абдулланың мұндай қайырымды қадамы алдағы уақытта ислам құқығын оқытуда жақсы белестерге жетіп, өзге де оқыту орындарға үлгілі болады деп күтілуде.
Айта кетейік, Абдулла Сауд Арабияда «Даллах әл-Барака» банкінің жетекшісі және елдегі жетекші жылжымайтын мүлік саудасымен айналысатын компанияны басқарады.