Ықпалды әйелдер көшін Лубна әл-Касими бастады

Ықпалды әйелдер көшін Лубна әл-Касими бастады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Forbes журналы «2015 жылдың ықпалды араб әйелдері» рейтінгісін жариялады. «Үкімет» категориясындағы рейтінгтің көш басын Біріккен араб әмірлігінің Халықаралық әріптестік және даму министрі Лубна әл-Касими бастапты.

Айта кету керек, аталмыш рейтінг 3 санат бойынша: отбасы бизнесі, басшылық және үкімет салаларындағы белсенді әйелдер қызметін саралайды.

Таяу Шығыстағы Forbes журналы бұл құбылысты «әйелдердің бизнес және үкіметтік салаларда үлкен жетістігі» деп бағалаған. Сондай-ақ мұсылман әйелдері Таяу Шығыста қалыпты әрі әділетті жұмыс ортасында қызмет ететінін атап көрсеткен.

Лубна әл-Касимидің Forbes журналы рейтінгісінде «2015 жылдың 100 ықпалды әйелдері» тізімінде 42 позиция бойынша аты аталады. Әл-Касими әсіресе қайырымдылық істеріне көбірек көңіл бөлген. Өткен жылы БАӘ сириялық босқындар мен балаларға 12 млн доллар қаражат аударды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: