Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Мекке қаласындағы Қажылық миссиясы Бас кеңсесінде қажыларға арналған медициналық орталық ашылды, деп хабарлайды Қажылық миссиясының ақпарат бөлімінен хабарлады.
Аталмыш орталықтың ашылу рәсіміне Миссия төрағасы Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ бөлім меңгерушілері, теолог-ғалымдар, қазақстандық дәрігерлер қатысты. Қажылық миссиясының мүшесі, дәрігерлер тобының жетекшісі Ерлан Әбдірашев Ғ.Жәдігерұлына медициналық орталықтың жұмысымен таныстырды.
«Біз жыл сайынғы дәстүр бойынша өзіміздің отандық дәрі-дәрмектерімізді алып келдік. Медициналық орталықта қажыларымыз үшін ең қажетті әрі тез әсер ететін дәрілер бар. Дәрігерлеріміз қазір қызметіне кірісіп кетті. Біз қажыларымызға 24 сағат бойы қызмет көрсетуге дайынбыз» деді дәрігер-хирург Е.Әбдірашев.
Аталмыш медициналық орталықта стационарлық көмек те көрсетілмек. Топ жетекшісі қажыларға күндізгі және түнгі ауысыммен үздіксіз алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Миссия төрағасы Ғылымбек Жәдігерұлы орталықтың жұмысына сәттілік тіледі. «Алла Тағала сіздерге қуат берсін. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бүкіл қазақстандық қажыларымыздың денсаулығын сіздерге аманат етіп тапсыруда. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін» деді ол.