Немістің «Бавария» клубынан кейін «Реал Мадрид» футбол командасы Испанияға келген босқындарға 1 млн еуро садақа аударды.
Клуб президенті Флорентино Перес әсіресе балаларға ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді. Оларға арнап клуб арнайы акция мен шаралар ұйымдастырмақ ниетте.
«Біздің клуб әскери қақтығыс салдарынан елін тастап кетуге мәжбүр болған босқындарға қолдау көрсетуді көздейді» делінген «Реал Мадрид» мәлімдемесінде.
Ал УЕФА өз кезегінде Чемпиондар лигасы клубтарын босқындарға қол созуға шақырады.