#Рысқұлов: Құран – екі дүние шамшырағы

#Рысқұлов: Құран – екі дүние шамшырағы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің әйел-қыздар шәкірттерінің арасында құран оқудан байқау өтті. Құранға түскен шәкірттер құран сүрелерін жатқа оқыды және құранның жүзінен қарап тәжуид ережелерін сақтай отыра оқып жарысты.

Құран байқауына 20 шақты қыздар қатысып, бақ сынасты. Жарыс алдында аудан бас имамы қатысушылар мен мешіттің әйелдер жамағатына құранның артықшылығын айтып, тақырып бойынша уағыз жасады.

Байқауда аудан бас имамымен бірге «Әл-Хақ» мешітінің ұстазы Әйгерім Шынали және Сарағаш медресесінің студенті Орман Марьям әділ қазылық етті. Құран жарысында орын алған шәкірттер бағалы сыйлықтар мен мақтау қағазымен марапатталды. Сондай ақ, жаз бойы діни сауат ашу курсын жүргізіп, дәріс берген ұстаздарға да бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: