#Рысқұлов: Жақсылық ауылында Құран жарысы өтті

#Рысқұлов: Жақсылық ауылында Құран жарысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Жақсылық ауылдық «Сүйімбай қажы» мешітінің шәкірттері арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан жарыс өтті.

Мешіт шәкірттері «Имани жаз» діни сауат ашу курсында құран оқуды үйреніп және құран сүрелерін жаттап шықты. Шәкірттерді Һибатулла Тарази медресесінің студенті Мырзагелді Абай арнайы 2 ай бойы оқытып, дәріс берді.

Құран жарысына ауданның бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы арнайы барып, жарыста әділ қазылық етіп, жарыс жеңімпаздарын марапаттап қайтты. Құран жарысында орын алған шәкірттерге бағалы сыйлықтар мен мақтау қағазы табыс етілді.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: