#Рысқұлов ауданына өкіл имам іс-сапармен келді

#Рысқұлов ауданына өкіл имам іс-сапармен келді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылына арнайы Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Бейбіт Мырзагелдиев келіп, бірқатар мекемеде болып, зерделеу жұмыстарымен танысты.

Әуелі, Жаңатұрмыс ауылдық әкімшілігінде болып, әкімдік қызметкерлерімен сұхбат жасады. Кейін ауылдың кітапханасына табан тіреп, кітапханадағы діни әдебиеттерге біршама тексеріс жасап, Алаш зиялыларының еңбектеріне назар салды.

Сонымен қатар, кітапхана қызметшілерімен тілдесіп, ауыл жастарының діни әдебиеттерге деген қызығушылығын байқады. Және де ауылдық «Қожай баба» мешітіне барып, жамағатпен кездесіп, уағыз-насихат жасап, діни сауалдарына жауап берді.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: