5 жылдан соң Меккеде 30 млн адам қажылық өтейді

5 жылдан соң Меккеде 30 млн адам қажылық өтейді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясы Қажылық істері министрлігі «әл-Харам» мешітіні кеңейту жұмыстарына байланысты келер жылғы қажылар көрсеткіші айтарлықтай көбейетінін хабарлады.

Осылайша 2015 жылдың қажылығы енді ең аз көлемдегі қажылық саналмақ. «Келесі жылғы қажылықта адам саны 5 млн-ға көбейеді. Алдағы 5 жыл ішінде бұл көрсеткіш 30 млн-ға жетіп жығылады» деп мәлімдеді Қажы минстрі Бандар Хаджар.

Құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты соңғы жылдары Сауд Арабиясы бірқатар елдерге берілетін қажылық квотасын қысқартқан еді. Мәселен, Сингапур республикасында ел азаматтарына 800 орынға квота сұратылғанымен, 680 орын бөлінген. Ал қажылық кезегіне 17 000 сингапурлік тіркелген.

Қажы министрлігі тарапынан жасалған бұл мәлімдемеге Бангладеш мұсылмандары да қуануда. Соңғы жылдары Бангладешке берілген квота көрсеткіші де 20 пайызға қысқарған болатын, деп жазады Arab News. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: