«Әл-Харам» мешітінде күн сайын қажылар зәм-зәм құдығынан 1,511 текше метр су ішеді. Қажылық маусымында қажылар 90 млн стакан су қолданған. Бұл күніне орта есеппен 3 млн стакан зәм-зәм ішіледі деген сөз.
«Әл-Харам» мешітіндегі «Зәм-зәм суын тарату» басқармасы жетекшісі Ахмед әл-Матрафи өз қызметкерлерінің 2 ауысымда жұмыс жүргізіп отырғанын жеткізді. Ал Қағба қонақтарына жалпы алғанда тәулік бойына 24 сағат бойына қызмет көрсетіледі.