Бүгін Мекке қаласында Харам мешітіндегі апаттан көз жұмған жандардың жаназасы шығарылып, марқұмдар денесі шаһидтар қорымына қойылды. Қасиетті шаһарда қара жер қойнына бүгін 29 қажының денесі тапсырылды.
11-қыркүйек күні орын қайғылы оқиға жүздеген жанның ғұмырын қиған болатын. Сауд Арабиясы билігі қаза тапқандардың денесін өз отандарына жөнелтпейтінін мәлімдеген болатын. Барлық шаһид болғандар жақын арада жер қойнына тапсырылатын болады.


06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

