Сауд Арабиясы Мекке қаласында «Әл-Харам» мешіті алаңындағы құрылыс крандары құлап, салдарынан жүздеген қажы қаза тапты. Мұсылман халқы душар болған қайғыға байланысты бүгінде әлем елдері көңіл білдіруде.
«Сауд Арабиясы корольдігіне қайғыра көңіл айтамыз. Біз уақиға орын алысымен ол жерге жедел қызмет өкілдерінің жеткенін білеміз. Біздің тілек-ниетіміз бен дұғамыз осы апаттан зардап шеккен барша мұсылмандарға бағышталады» деп мәлімдеді Америка Мемлекеттік департаменті төрағасы Джон Кирби.
Сауд Арабиясы Азаматтық қорғаныс деректеріне сәйкес, апат салдарынан кемінде 107 адам қаза болып, 238 адам жарақат алған. Қайғылы уақиға әлеуметтік желілерде Мекке қаласында нөсерлі жауын мен найзағай ойнайды деген хабар тарағаннан кейін орын алған.
Ал Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Ияд Амин Мадани баурылас Сауд Арабиясы елінің королі Салман бин Әбдел Әзизге көңіл айтып, апаттан қаза болған барша мұсылмандарды шаһид ретінде Алла тағаланың қабыл алуын сұрап, дұға етті.
Сондай-ақ Египеттегі «Әл-Әзһар» жоғарғы имамы шейх Ахмед ат-Тайиб те өз тарапынан көңіл айту жеделхатын жолдап, қаза болғандардың отбасы, жақын туыстарының қайғысына ортақтасып, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірді.