Үндістанның Пнеджаб штатына қарасты Сарвапур ауылында сикхтер адамгершіліктің нағыз үлгісін көрсетіп, жергілікті мұсылман жұртшылығына арнап мешіт салып берді.
Джоги Сингха есімді фермердің бастамасымен сикх қауымы өзінің мұсылман көршілеріне тәртіпсіздік кезінде бүлінген мешіт орнына жаңа ғимарат тұрғызды. Ал ауылға ең жақын мешіттің қашықтығы 10 км-ді құрайтын еді.
Фермер Сингхтің қайырымды ісіне ризашылығын білдірген ауыл тұрғыны Мохаммад Джамил. «Сикх бауырларымыз болмағанда біздің ауылда осы мешіт сол күйі салынбас та еді» деп пікір білдірді.