Жастарға арналған халықаралық конференция өтпек

Жастарға арналған халықаралық конференция өтпек

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлемдік мұсылмандар ынтымақтастығы бастауымен 16-17 қыркүйекте Мекке қаласында қазіргі жастардың өміріне заманауи медианың қалай әсер етіп жатқанын талқылайтын халықаралық конференция өтеді, деп хабарлады Әлемдік мұсылмандар ынтымақтастығының бас хатшысы Абдулла Ат-Турки.

Абдулла Ат-Туркидің айтуынша,  бұл шарада қазіргі жастардың психикалық және әлеуметтік жағдайына қатысты жан-жақты мамандардың пікірлері талқыланып, өзекті деген мәселелер көтерілетін болады. Сонымен қатар,  заманауи медиа жолдарын жастар қалай тиімді пайдалану керектігі айтылады.

Айта кеткен жөн, аталмыш конференцияда экстремизм мен терроризмге қатысты мәселелер тақырыпқа тұздық болмақ.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: