Сауд Арабиясы үкіметі Сириядан Германияға пана іздеп барған босқындарға арнап 200 мешіт салуға ниет білдіріп отыр.
Рияд әкімшілігі шетелдік мұсылмандарға қол ұшын беріп, оларға Ислам дінін насихаттауды өзіне міндет етіп отыр. Сондықтан, мұсылман босқындарға алдағы уақытта мешіт салып беруге Германия үкіметімен келіссөз жүргізуді бастап кетті.
Айта кеткен жөн, Сауд Арабиясы Сирия елінің азаматтарын жұмыспен қамтуды 2011 жылы елдегі көтерілістен бері тоқтатқан еді. Ал бүгінде Сириядан келген 561 босқынға қамқорлық көрсетіп, 100-ге жуығына баспана берген.
- ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
- ҚАРАЛДЫ: 2076
Мұсылман босқындарға 200 мешіт салынбақ
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.