Алда – Құрбан айт мерекесі. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұлық мерекені ұлттық нақышта, бұқаралық сипатта өткізу мақсатында ауқымды шаралар өткізбек.
Бас мүфи Ержан қажы Малғажыұлы облыс, қала, аудан, ауыл имамдарына жолдаған ресми хатта мешіт аулаларына киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойын түрлерінен арнайы жарыстар өткізу, құрбандық еттерін мұқтаж жандарға үлестіру, қайырымдылық акциялар ұйымдастыру, т.б. шараларды жүзеге асыру қажеттігі айтылды.
Сонымен биыл еліміздің мұсылман қауымы Құрбан айтты 24 қыркүйекте тойлайды. Айта кетсек, бұл күні халқымыз Құрбан айттың құрметіне бір күн демалады.
- ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
- ҚАРАЛДЫ: 5690
Құрбан айт 24 қыркүйекте басталады
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.