Үндістанда мыңнан астам ғалым «ИШИМ» содырларының көзқарасы діннің негізгі қағидаларына қарама-қайшы деген пәтуа шығарды. Осылайша елдегі жүздеген мешіт имамдары, медресе оқытушылары бір ауыздан «ИШИМ»-ге қарсы пәтуаға қол қойды.
Аталмыш пәтуаның авторы Мұхамед Манзар: ««ИШИМ»-нің адам төзгісіз әрекеттері Ислам қағидаларына мүлдем сәйкес келмейді. Олар қазіргі таңда Ислам дінін қаралауды әдетке айналдырды. Ислам керек десеңіз, адам түгілі кез-келген жануарды да өлтіруге тыйым салады», деді.
Айта кетейік, қол қойылған пәтуа 1100 беттен тұрады және әлемнің 50 елінің дін басыларына жіберілген.
- ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
- ҚАРАЛДЫ: 4314
Мыңнан аса ғалым «ИШИМ»-ге қарсы пәтуа шығарды
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.