Біріккен араб әмірлігінде іске қосылған гуманитарлық көмек қоры Йеменге бір апта ішінде 136 млн доллар көлемінде көмек көрсетті. Бұл туралы WAM әмірлік ақпараттық агенттігі хабарлады.
Аталмыш қаражаттың жартысынан көбісі Қызыл Жарты Ай ұйымының БАӘ-дегі төрағасы шейх Хамдан бен Заидтен келіп түскен.
Гуманитарлық көмек бойынша ел аумағында 200 нүкте ашылды. Сондай-ақ ислам банктерінен арнайы есеп шот арқылы да қаражат жию бір айға жалғаспақ.
БҰҰ-ның деректеріне сүйенсек, БАӘ Йемен еліне жалпы көлемі 200 млн долларға көмек жасаған.