Малайзия Ғылыми Ислам университеті Нұр-Мүбарак университетімен байланысты күшейтпек

Малайзия Ғылыми Ислам университеті Нұр-Мүбарак университетімен байланысты күшейтпек

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұл туралы бүгін Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне арнайы ат басын тіреген Малайзия Ғылыми Ислам университетінің бір топ делегаттары мәлімдеді. МҒИУ-нің проректоры профессор, доктор Дато Мұса Ахмет мырза бастаған алты адамдық ғалымдар тобын Нұр-Мүбарак университетінің басшылығы да қуанышпен қарсы алды. Өйткені осы кезге дейін орнатылған Малайзияның өзге іргелі оқу орындарымен  байланыс  оң нәтижелер беріп келеді. Ал МҒИУ-і Нұр-Мүбарак университетімен қатар ашылып, бүгінде экономика, құқық, шет тілдері, басқару ісі, Құран мен сүннет, Фиқһ, адвокатура, байланыс, медицина, стомотология, ғылым және ақпараттық технологиялар, қаржы саласын қамтыған 25 түрлі бағдарламамен оқытатын 8 факултьтет жұмыс істейді екен. Он мыңнан аса студенті бар университет өздері жайлы жан-жақты ақпарат беріп, таныстырып өтті. Малайзиядағы «хала» өндірісінің мамандарын даярлауда алға шыққан жоғары оқу орнының қазақстандықтармен де бірлесе жұмыс істеуге ықыластары ауған.

  «Малайзия елімен білім және ғылым саласында байланысымыз артып келеді. Біздің университет еліміздегі жалғыз ислами жоғары оқу орны әрі бакалавриат, магитратура, докторантура ғана емес, ғылыми жобалармен жұмыс жасайтын орталық бар. Негізгі оқытушы-профессорлық топ тек отандық қана емес, Мысыр елінен де келеді. Университетте еліміздегі ислам діні мәселелеріне құзіретті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында жұмыс жасайтын мамандар оқытылады»,-деп поректор, профессор Шамшәдин Керім мырза Нұр-Мүбарактың жай-күйімен таныстырып өтті.

Ресми кездесу соңында екі жақты келісім хатқа қол қойылып, жақын болашақта заңдық күші бар келісім-шарт жасау жоспарланды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: