Шариғат шарттарына сай қызмет көрсететін тұңғыш ислам банкі Франция елінен де бой көтерді.
NoorAssur ислам банкі Париж іргесіндегі Шель қаласында ашылған. Бүгінде банктің 3 мың тұтынушысы бар. Олардың 5 пайызы мұсылмандар.
Банктің алғашқы кеңсесінде арнайы құлшылық бөлмелері де қамтылды. Франция ислам банкі алдағы уақытта республика бойынша 20 бөлімшесін ашуды көздеп отыр.
NoorAssur қызметі қатарында – ерікті медициналық сақтандыру, арнайы мамандандырылған қызмет, қажылық құжаттарын рәсімдеу, қажылық қаражаты мен үйлену тойына қажет қаржы жию, сақтау кіреді.