Египет пен Газа секторы арасындағы шекара 3 мыңға жуық қажыларды өткізу үшін бірнеше күнге ашылды.
Алдағы төрт күн ішінде 2 480 адам Египет арқылы Меккеге жол тартады. Уақыф министрлігі ресми өкілінің хабарлауынша, қажылыққа қаза болған палестиналықтар отбасыларынан 500 мұсылманға мүмкіндік беріледі.
Газа аймағындағы 1,8 млн тұрғын үшін «Равах» өткізу бекеті өзге елдермен байланыс жасар жалғыз өткел саналады. Бұл өткізу пункті бірнеше айда санаулы күндерге ғана ашылады.
«Равахтан» өткен мұсылмандар арнайы күзетпен Каир әуежайына жеткізіледі. Шам жерін кезген лаңкестермен күресте бір сәтке де босаңсуға болмайтындықтан Мысыр әскері осындай режим енгізіп отыр.