Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам ұйымының бастамасымен шетел азаматтарына араб тілін үйрету үшін 44 білікті оқытушы сапарға аттанды.
Аталмыш оқытушылар әлемді шарламақ, атап айтқанда, Африка, Латын Америка және Оңтүстік Азия елдеріне барып, ғылым мен ислам мәдениетін, сонымен қатар араб тілін үйретумен айналысады. Бұл өз кезегінде араб тілін әлемнің көптеген халықтарына таратуды мақсат етеді.