Сербия мүфтиі Муамер Зукорлич Еуропа кеңістігінде ең үлкен мешіт тұрғызады. Мешіт кешенінде ислам орталығы, балабақша, Құран мектебі, мұсылман мәдениет орталығы және 500 орындық мейрамхана болады.
«Пештер қақпасы» аталатын бұл ғибадатхана таулы аймақтың оңтүстік-батысынан бой көтермек.
Алайда мешіттің негізгі көзтартар сыйлығы оның мұнаралары – әрқайсысы 99 метрді құрайтын мұнара Еуропа кеңістігіндегі ең ұзын мұнара болмақ.
Құрылыс жобасына сәйкес, мешіттің 15 күмбезі (үлкен күмбезінің диаметрі 12 метр), 6 мұнарасы (4 мұнара 45 метрден, 2 мұнара Алланың есімдерімен байланысты 99 метрден) болады.
Аталмыш мешіт құрылысына қазіргі уақытта 650 мың еуро садақа етілді. «Пештер қақпасы» 2018 жылдың соңына ашылады деп жоспарланып отыр.