Үстіміздегі жылдың 9 қыркүйегі мен 13 желтоқсаны аралығында Санкт-Петербург Эрмитажында әлемге белгілі ортағасырлық мұсылман саяхатшысы Ибн Баттутқа арналған көрме ашылды.
«Көрерменге сыйлық» аталатын көрмеде белгілі марокколық саяхатшы өмірінен хабар беретін экспонанттар қойылады.
Отыз жылдық саяхатында Ибн Батуттың Египет, Сирия, Иран, Йемен, Африка құрлығының шығыс және батыс жағалаулары, Кіші Азия елдері, Қырым, Алтын Орда топырағы, Константинополь, Орта Азия, Үндістан, Қытай, Испания және Мальдиви аралдарына табаны тиген.
Ибн Батут өзінің шытырман уақиғаға толы жолсапарында болған елдері туралы кеңінен жазып кетті.
Аталмыш көрмеде 300-ге тарта ескерткіштер көрсетіледі. Олардың көпшілігі Ибн Баттут саяхатынан сыр шертеді.