Берлинде тұңғыш мешіт орны табылды

Берлинде тұңғыш мешіт орны табылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Археологтар Германия тарихында бой көтерген тұңғыш мешіттің орнын тапты. 1915 жылы іргетасы қаланған мешіт неміс жұртындағы алғашқы мұсылман ғибадатханасы деген болжам айтылуда.

Аталмыш ғибадатхана Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Шығыс және Батыс фронтарында тұтқынға түскен мұсылман әскерилеріне арналған көрінеді.

Алайда бұл ғибадат үйі игілік мақсатында емес, өзге үгіт-насихат орталығы ретінде ашылған деген деректер бар. Соғыс уақытында осы ғимаратта мұнда қолға түскен мұсылмандарға өз әскеріне қарсы «жиһад» жасауға мәжбүрлеу операциялары іске асырылған.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германияда мұсылман контингенті аз болғанымен, бұл ғимарат тұңғыш мешіт ретінде тарих бетінде қатталды. Ағаштан соғылған ғибадат үйінің 23 метрлік мұнарасы мен күмбезі де болған екен.

Қазба жұмыстары кезінде археологтар күмбезді бекітуге қолданылған сым темірлер мен мешіт терезесі сынықтарын кезіктірді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: