Биылғы қажылық маусымында қажылар қауіпсіздігіне 15 мыңнан аса полицей жұмылдырылмақ. Бұл Меккенің азаматтық қорғаныс жөніндегі басқармасының басшысы Хамад бен Абдель Азиздің тікелей бұйрығы негізінде іске асырылады.
Ресми хабарламаға сәйкес, Мекке қаласы мен оның маңында 250 көмек көрсету орталығы, сондай-ақ 55 жедел өрт сөндіру қызметі болады. Ал биылғы қажылыққа 1,5 млн мұсылман келеді деп күтілуде.


27 Маусым 2026
11 Мухаррам 1448

