Әлемге белгілі «Әл-Әзһар» мешіті ғимаратын қайта өңдеу жұмыстары кезінде байырғы су қоймасы табылды.
Египет премьер-министрі Ибраим Махлаб пен «Әл-Әзһар» мешітінің имамы Ахмед әл-Таиб қазба орнында болып, ежелгі дәуір ескерткішімен танысты.
Ал «Әл-Әзһар» мешітін қалпы келтіру құрылыс жобасына Сауд Арабиясы королі 3,83 млн доллар қаражат бөлген. Құрылыс жұмыстары Мысыр ежелгі мұралар министрлігінің бақылауымен іске асырылуда.