Кей елдердің оқушылары мектепке бару үшін бастарын қауіпке тігеді. Назарларыңызға әлемдегі ектепке баратын ең қауіпті 20 жолды fit4brain.com сайтына сілтеме жасап ұсынамыз.
Егер сіздің балаңыз мектепке баруға ерінетін болса, оған бұл жазбаны көрсетуіңізге болады. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда әлемнің кей жерлерінде оқушылар мектепке жету үшін қауіпті жолдарды кесіп өтеді.
Олар білім алу жолында бұл қиыншылықтарды талай жылдар еңсеріп келуде. Көпір, жол, метро сияқты игіліктерді көрмей өткен мекендерде білім алу қаншалықты қиын?
Қытай, Гулу. Мектепке жету үшін 5 сағат бойы жартас бойымен жүру.
Қытай, Zhang Jiawan ауылы. Оқушылар бекітілмеген баспалдақтар ақылы жартас үстімен өтуде.
Оқушылар мектеп-интернатқа жету үшін Гималай тауынан өтуде.
Индонезия, Лебак. Оқушылар аспалы көпірді кесіп өтуде.
Колумбия. Ал мына балалар әр күн мектепке жету үшін 800 метр қашықтықты Рио-Негро өзені үстімен болат кабель арқылы кесіп өтеді.
Индонезия. Риау. Оқушылар мектепке каноэ арқылы жетеді.
Үндістан. Орман және ағаш тамырларынан жасалған көпір арқылы мектепке жету.
Мьянма. Қыз бала мектепке енекенің үстінде жетуде.
Үндістан, Бельданга. Тук-тук арқылы мектепке жету.
Қытай, Дуцзянъянь, Сычуань провинциясы. Оқушылар боранға қарамастан, қираған көпір арқылы мектепке бара жатыр.
Индонезия, Пангуруран. Мына ағаш катер аймақтағы балаларды жинап, мектепке жеткізеді.
Үндістан, Керала. Оқушылар мектепке қайықпен жетуде.
Үндістан, Дели. Сабақтан кейін үйге оралу.
Индонезия. Бамбук салымен мектепке жету.
Қытай, Пили. Мектеп-интернатпен арадағы 200 шақырым жолды тау арқылы өту.
Индонезия, Падан. Балалар мектепке бару үшін 10 метр биіктікте тартылған арқан арқылы жағаның екінші бетіне шығуда.
Филиппин, Ризал. Оқушылар мектепке үрленген шина арқылы өзенді кесіп жетуде.