Бас мүфти: «Қазақтың киімін киіп-ақ әурет жеріңді жаба аласың»

Бас мүфти: «Қазақтың киімін киіп-ақ әурет жеріңді жаба аласың»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Исламда  тамақпен  киімнің  түріне  сүннет  жоқ. Басқа ұлттың киімін киіп жүргендер Исламды дұрыс түсінбейтіндер. Қазақтың киімін киіп-ақ әурет жеріңді жаба аласың». ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Елордадағы «Президент телерадиокешені» ғимаратында белсенді жастармен кездесуінде осылай мәлімдеді, деп жазады Baq.kz.

«Біздің жастарымыз еліктегіш қой. Кейбір балалар Пәкістанның кимін киіп жүреді. Кейі арабтың, кейі үндінің киімін киіп алады. Оны өздерінше «сүннет» деп түсіндіріп бағады. Исламда тамақ пен киімнің түріне сүннет жоқ. Басқа ұлттың киімін киіп жүргендер Исламды дұрыс түсінбейтіндер. Мен өзім Семейде имам болып тұрғанда Пәкістанның киімін киіп жүргендердің талайын шақырып алып: «сүннет – пайғамбарымыздың істеген істері. Пайғамбарымыз дінді Араб түбегінен (хиджаз) таратқан кезде Пәкістан мемлекеті болды ма, болса олар ислам дінін қабылдады ма? Пайғамбарымыз күріш жеген екен деп 24 сағат күріш жемейміз ғой. Тамақ пен киімнің түріне сүннет жоқ» деп айттым. Бауырларымыз түсінбеушіліктен солай жүреді», – деген Бас мүфти дінді дұрыс ұстанумен қатар, киімді де талғаммен кию керектігін айтты.

«Исламда ұятты жерін жабу деген бар. Бірақ, қазақтың киімін киіп-ақ әуретіңді жаба аласың ғой. Бұрынғы заманда ата-әжелеріміздің киімдері қандай әдемі болған. Тіпті, ол заманның киім-кешегі адамның жасын, дәреже-деңгейін де айқындаған», – деді Ержан Малғажыұлы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: