Дағыстан азаматы сенсорлы жайнамаз ойлап тапты

Дағыстан азаматы сенсорлы жайнамаз ойлап тапты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Махачқалалық Эльдар Клычев намаз рәкағаттарын есептеп тұратын сенсорлы жайнамаз ойлап тапты. Автордың айтуынша, бұл бастамасына түрткі болған да өзі екен. Себебі, намаз рәкағаты санынан өзі жиі қателескен екен. Енді жаңа жайнамаз намазда жіберілген қателіктерін реттеп отырады.

Сенсорлы жайнамаз адамның намаздағы жағдайын арнайы орнатылған датчик арқылы анықтап, оның шатасып кетпеуіне көмегін тигізеді. Егер, намаздағы адам қателесіп, бір амалды ерте немесе кешіктіріп жіберер болса, сенсор вибрациялық дыбыс береді.

Қазіргі уақытта осы жайнамазды ойлап тапқан Эльдар Клычев бастаған өнертабысшылар Ресей аумағында өз жобаларын іске асыруға патент алып, халықаралық патент бюросына тіркеуге құжат тапсырды. Кәсіпкерлер енді осы жобаға 500 мың рубль көлемінде инвестиция іздестіруде. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: