Мәдина қаласында келесі аптада өтетін көрме сөресіне 500 жылдық тарихы бар қолжазба ұсынады.
Аталмыш қолжазба Абдулазиз корольдің қорына тиесілі құнды мұра болып табылады, деп хабарлайды Arab News.
Декоротивті әрленген қолжазба өзге де тарихи маңызы бар жәдігерлермен, оның ішінде Осман империясы дәуірінің Мәдани шаһарына қатысты мұраларымен қатар көпшілік назарына ұсынылады.
Айта кету керек, «Мәдина қолжазбалары» көрмесіне қойылар жәдігерлердің басым бөлігі халыққа алғаш рет көрсетілмек.
Осы көрмеде көпшілікке сондай-ақ жергілікті және өзге елдерден жеткізілген 12 кітапханаға тиесілі қолжазбалар да қойылады. Барлық экспонаттардың тақырыбы ортақ – жүздеген жылдық тарихы бар Мәдинаның даму сатысын паш ету.
Сонымен қатар көрмеде Ислам тарихынан сыр шертетін, Құранның түсуінен хабар беретін құнды қолжазбалар да болады. Жоғары сапалы фотокөшірмелер негізінде Абдулазиз король қоры қасиетті мешітте сақталған сирек кездесетін қолжазбаларды да бір сөреге жиып отыр. Оның ішінде VIII ғасырға тән Аль-Шихабия» мектебі кітапханасының қоры да бар.