Король Абдул Азиз баспасы Мәдина қаласын сипаттайтын әлемдегі ең көне кітапқа қол жеткізді.
Бұл кітапта берілген жалпы мәліметтер көркем түрде суреттеліп көрсетілген. Онда Мәдина қаласы туралы көптеген ақпараттар жазылған. Кітапқа шамамен 500 жыл болған деседі.
Сонымен қатар, ондағы кейбір Мәдина туралы мәліметтер Осман империясы дәуірінен қалған екен.
Жалпы, Сауд Арабиясында көне кітаптарды зерттейтін 12 кітапхана бар. Соның ішінде аталмыш кітап ең көне әрі Мәдина туралы көптеген мәліметтерді қамтиды.