Палестина мұсылмандарының дінбасы шейх Мұхаммед Хусейн исламдағы иман мен амалға байланысты байламды пікірін мәлімдеді.
"Иман – Алла Тағаланың таңдаулы құлдарына берген сыйлық және жүректің түбінен орын алар құнсыз нығымет. Ал, жүрек – Аллаға деген шынайы ықыластың шығатын қайнары.
Ислам ғалымдарының айтуынша Иман ол жүрекпен бекітіліп, іс әрекетте көрініс табатын дүние. Себебі, Мұхамед с.а.у. Пайғамбар өз хадисінде: «ثَلَاثٌ مَنْ كُنَّ فِيهِ وَجَدَ حَلَاوَةَ الْإِيمَانِ؛ أَنْ يَكُونَ اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَحَبَّ إِلَيْهِ مِمَّا سِوَاهُمَا،وَأَنْ يُحِبَّ الْمَرْءَ لَا يُحِبُّهُ إِلَّا لِلَّهِ، وَأَنْ يَكْرَهَ أَنْ يَعُودَ فِي الْكُفْرِ، كَمَا يَكْرَهُ أَنْ يُقْذَفَ فِي النَّارِ» - «Мұсылманға иманның ләззаты 3 сәтте сезіледі. 1. Алла мен оның Елшісінен артық ешкімді жақсы көрмесе. 2. Алла ризалығы үшін бір мұсылманды жақсы көрсе. 3. Отқа түсуден қаншалықты қорықса, күпірлік әрекетке барудан да соншалықты қорықса» деген.
Осылайша кез-келген мұсылман бойындағы иман дәрежесінің кәмілдігімен оның жасайтын амалының дәрежесі белгілі болады".
Шейх Мұхамед Хусейн,
Палестина мүфтиі