Священник өзі ғана исламды қабылдап қоймай, жамағатын да тура жолға салды

Священник өзі ғана исламды қабылдап қоймай, жамағатын да тура жолға салды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Африка құрлығындағы Руанда мемлекетінде христиан священнигі мұсылман ғалымдарымен тілдескеннен кейін өзі исламды қабылдап қоймай, жамағатын да тура жолға салған. Бұл жайында IslamNews порталы OnIslam.net ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, пастор Сәлім Микдадтың насихатынан кейін 480-ге жуық адамнан тұратын христиан жамағаты үстіміздегі жылдың тамыз айының 25-і күні салтанатты жағдайда тілдерін кәлимаға келтіріп, Алланың бар және бір екеніне куәлік етті. Осыған байланысты олар құлшылық етіп жүрген шіркеудің қажеті болмай қалды. Оны мешітке айналдырды. Айта кетейік, Руандадағы мұсылмандар қарасы жылдан жылға артып келеді. Бүгінгі таңда олардың қарасы 4,6 пайызға жеткен. Исламды қабылдағандар арасында католиктер, протестанттар, жетінші күн адвентистері бар.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: