Австралиялық дәрігер-мұсылман жастарға берген тәлім-тәрбиесі еленіп, «Жыл әкесі» атағына ие болды, деп хабарлайды IslamNews.
Сиднейде тұратын 56 жасар Джамаль Рифи 20 жыл бойына қоғамдық жұмыстарға араласып, жастар тәрбиесіне үлес қосып келеді.
Австралиялықтар алғаш рет Д.Рифидің есімі 90 жылдары ол шығу тегі ливандық бандылар тобына үндеу жариялаған сәтінен белгілі. Соңғы жылдары көпбалалы әке Джамил Рифи экстремизмге қарсы күрес жүргізіп, дінде шектен шығушылық пен зорлық-зомбылыққа, дінді теріс насихаттауға жол бермеуге күш салып жүр.
Ал Рифидің өзі соңғы уақыттары өзін ең күшті әке деп санамайды екен – оның отбасына ИШИМ секілді лаңкестік ұйымдарға қатысты мәлімдемесіне байланысты қауіп-қатер төнген. Азаматтық көзқарасы өзінің жақын-жуықтары мен таныстарына қауіп әкелгеніне қарамастан мұсылман-дәрігер экстремизмге қарсы күресін тоқтату туралы ойы да жоқ. Ал оның ұлдары әкесіне қолдау білдіріп отыр.