Хан ордасындағы ұлы той (ФОТО)

Хан ордасындағы ұлы той (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жақында Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Елдіктің терең тамыры» атты мәдени–көпшілік шаралар болып өтті.

Дүбірлі тойдың аясында ұйымдастырылған «Тарихы терең Қазақ елі» атты республикалық ақындар айтысына аты аңызға айналған тұғырлы тұлға Асанәлі Әшімов төрелік етсе, келесі күні Ресейдің және еліміздің танымал ғалымдары арнайы шақырылған «Тарих қойнауынан қазіргі заманға дейін» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев пен БҚО бойынша әкімі Нұрлан Ноғаев, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов, алыс-жақыннан келген игі жақсылар қатысты.

Ұлы тойға жиналған қауым Жәңгір хан, Дәулеткерей, Мұхам-Салық Бабажановтың кесенесіне арнайы барып, қасиетті Құран Кәрімді облыс имамы Руслан Тыныштықұлы оқып, дұға бағыштады.

Бір күнге созылған аламан айтыста Бөкей ордасы ауданының тумасы, айтыста қарсыласына дес бермеген Жансая Мусина бас жүлдені жеңіп алып, бәйгеге тігілген 1,5 млн. теңгені қанжығаға басты. Бүгінде астана қаласында тұратын жалпақталдық Жібек Бұлтанова бірінші орынды. Арқалықтан келген арқалы ақын Айбек Қалиев пен астаналық ақын Әсем Ережеқызы-екінші, қызылордалық Мұхтар Ниязов пен Жәнібектік Мұрадым Мирланов үшінші орынды иеленді. Барлық ақындарға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Сонымен қатар, өңірдегі сегіз ақынға облыс әкімінің стипендиясы тапсырылды.

Хан ордасы ауылының жанынан қазақ үйлері тігіліп, жастары әсем ән салып, алтыбақан теуіп, аламан бәйге жарысы, қызы қуу, қазақша күрес, қой көтеру, теңге ату  шараларында белсенділік танытса, әжелеріміз қымыз сапырып, қонақтарға ет асылып, дастархан жайылып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Облыстық қазақ драма театрының ұжымы сахналық көріністер көрсетіп, хан мен батырлардың рөлдерін  тамаша сомдады.

 Одан кейін күміс көмей әншілер ән айтып, күмбірлеген күйлермен көпшілікті  үлкен қуанышқа бөледі.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: