Түркия Симферополь үшін орталық мешіт құрылысын жүргізуге толықтай дайын. Бұл мешіт Қырым мұсылмандарының үлкен мәдени орталығына айналады, деп хабарлайды Қырым мұсылмандары дін басқармасы.
Мешіт салу туралы ортақ шешім Қырым мүфтиі Эмирали қажы Аблаевтың Анкара қаласында Түркия дін істері басқармасының төрағасы Мехмед Гермезбен кездесуі барысында жасалды.
Эмирали қажының айтуынша, бүгінде мешіт құрылысы жобасы екі тараптан келісілген, сондай-ақ қажеті құжаттары да әзірленді. «Енді тек Мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау испекциясы шешімі күтудеміз» дейді Қырым мүфтиі.