Египеттегі парламент сайлауының алғашқы туры 18-19 қазанда, екінші кезеңі 22-23 қараша күндері өтеді.
Жоғары сайлау комиссиясының төрағасы Эймен Аббас Каирде өткізген баспасөз-конференциясында алғашқы кезең бойыша дауыс беру Египеттің 14 провинциясында 18-19 қазанда, ал шетелдегі азаматтар үшін 17-18 қазан күндері өткізілетінін хабарлады.
Эймен Аббас екінші тур 13 провинцияда 22-23 қараша күндері, шетелдегілер үшін 21-22 күндері болатынын да атап өтті.
Сайлау комиссиясы төрағасының сөзінше, Египетте 2015 жылдың соңына дейін парламенттің жаңа құрамы жасақталады.