Найроби мұсылман қоғамдастығы терроризм мен жастардың радикалдануына қарсы «Бейбітшілік керуені» шарасын ұйымдастырды.
Бейбітшілікке, махаббат мен сыйластыққа шақыру миссиясы мұсылман жастарының қатысуымен 47 елді қамтымақ. Алғашқы сапар Момбасадан бастау алады деп хабарлайды Standard Media.
27 тамыз күні аталмыш акцияның тұсаукесерінде Найроби біріккен имамдарының көшбасшысы Ибрагим Абдуллахи бүгінгі әлемде орын алып жатқан терактілер Кения қоғамын діни сипаттарымен бөлшектеп, ірікті салып отырғанын жеткізді. Ал мұсылмандардың осы игі бастамасы осы жік-жікке бөлінуге қарсы тұрмақ.
«Ислам – бұл бейбітшілік, ал осы бейбіт өмірді қауіп-қатерге айналдырушы кез келген адам Ислам дінінің құндылықтарына қарсы келген болады» деді ол.
И.Абдуллахи елде мұсылман жастарының із-түзсіз жоғалып кету оқиғаларының жиілеп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, жоғалған жастарды экстремистік мақсатта лаңкестер ұйымдар пайдалануда.
Ал «Бейбітшілік керуеніне» мұсылман қауымымен қатар христиан конфессиясы өкілдері де ілесіп, жастарды жат ағымнан сақтау шарасына өз үлестерін қосты.