БҰҰ бас хатшысы Қауіпсіздік Кеңесіне Сирияда орын алған химиялық шабуылды зерттеу бойынша өз жоспарын ұсынды.
Associated Press дерек көзі хабарлағандай, бас хатшы өз көмекшісінің жетекшілік ететін мамандардың қатысуымен үшжақты тәуелсіз комиссия құру керектігін мәлімдеген. Комиссия әскери мақсатта хлор және өзге де химиялық заттарлы қолданушыларды анықтауы керек.
Қауіпсіздік Кеңесінің 2015 жылдың 7 тамызында қабылданған 2235 резолюциясына сәйкес БҰҰ бас хатшысы мен Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымының бас директоры Ахмет Узюмджю Сириядағы химиялық шабуылды зерттеу бойынша арнайы тергеу органы қажеттілігін атап өтті.
Еске сала кетсек, ИШИМ террористік ұйымы қарулы қақтығыстарының бірінде химиялық қару қолданған. 2014 жылдың желтоқсанында Сирия билігі халықаралық қауымдастыққа радикалды ұйымдардың химиялық қару қоймасы нысандарын басып алғандын хабарлаған болатын.