Жуық уақытта Дубайдың Аl Khawaneej ауданында Қасиетті Құран бағы ашылады. 60 гектар аумақтағы алып бақ қонақтарға қасиетті Құран кәрім арқылы мұсылмандарға жеткен ғажайып сырлармен бөліседі.
Қасиетті бақтың ерекшеліктеріне тоқтала кетсек, мұнда Құранда аталған 54 өсімдік түрлері өсірілетін ғажайып Ислам бағы болады. Қонақтар бақтан адамзат планетасынан жойылып кеткен үш түрлі өсімдікті ғана көре алмайды.
Сондай-ақ бақ меймандары бұл өсімдіктерді көрумен шектелмей, олардың емдік қасиеттері туралы мәліметтермен қаныға алады.
Дубайдағы осындай ғажайып саябақ құрылысына 7,3 млн доллар жұмсалған. Бұған қоса, бұл саябақта балалар ойын алаңы, Ұрма бұрышы, ашық аспан театры, жүгіру және велосипед айдауға арналған алаңқайлары болады.
Сонымен қатар келушілер бұл бақта қасиетті Құран аяттарын тыңдап, Құран тарихы туралы бейнематериалдар тамашалай алады.
Әмірлік астанасы технология саласындағы ғажайып жетістіктерімен әлемді таңқалдыруда. Таяу уақытта Дубайда 1400 түп ағаштан тұратын Пальма бағы мен Құрма базары ашылады.